Саясатты жасау

Басқару консолінде саясатты тікелей саясат жасалатын басқару тобының қалтасында және Саясаттар қалтасының жұмыс аймағында жасауға болады.

Басқару топтары қалтасында саясат құру үшін:

  1. Консоль ағашында саясат жасау үшін басқару тобын таңдаңыз.
  2. Топтың жұмыс аймағында Саясаттар қойыншасын таңдаңыз.
  3. Жаңа саясат түймесі бойынша саясат жасау шеберін іске қосыңыз.

Нәтижесінде, саясат жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Саясаттар қалтасының жұмыс аймағында саясат жасау үшін:

  1. Консоль ағашында Саясаттар қалтасын таңдаңыз.
  2. Жаңа саясат түймесі бойынша саясат жасау шеберін іске қосыңыз.

Нәтижесінде, саясат жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Топтағы бір бағдарлама үшін бірнеше саясатты жасауға болады, бірақ олардың біреуі ғана белсенді бола алады. Жаңа белсенді саясатты құру кезінде алдыңғы белсенді саясат белсенді емес болады.

Саясатты құру кезінде, бағдарламаны іске қосатын параметрлердің ең аз жиынтығын конфигурациялауға болады. Параметрлердің қалған мәндері әдепкі бойынша орнатылады және бағдарламаны жергілікті орнатқан кезде әдепкі бойынша мәндерге сәйкес келеді. Саясатты жасағаннан кейін, оны өзгертуге болады.

Саясаттар параметрлерінде құпия деректерді пайдаланбаңыз. Мысалы, домен әкімшісінің құпиясөзін көрсетпеуге тырысыңыз.

Саясатты қолданғаннан кейін өзгеретін "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының параметрлері олардың әрқайсысының нұсқауларында егжей-тегжейлі сипатталған.

Саясатты жасағаннан кейін өзгертуге тыйым салынған параметрлер ("құлып" орнатылған), бағдарлама үшін қандай параметрлер бұрын анықталғанына қарамастан, клиент құрылғыларында әрекет ете бастайды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Саясаттарды конфигурациялау және тарату: құрылғыларға бағытталған тәсілдеме

Басына оралу